Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Польшамен кездеседі

2 526

Фото: icehockey.kzБүгін, 20 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы жетінші ойынын Польшаға қарсы өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.


Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіліп жатыр.


Қазақстан мен Польша кездесуі сағат 23.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Екі құрама бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 9-да қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.