Александр Винокуров "Астанадағы" қызметіне оралады

272
Александр Винокуров "Астана" велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Astana - Premier Tech сайтындағы мәліметке сүйенсек, команда 2022 жылғы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады.

"Қазақстандық серіктестер келесі маусымда жобаны акционер және демеуші ретінде жалғастыратындарын растады. Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорт жетекшісі ретінде міндеттерін қолына алады және велошабандоздар мен персоналды, сондай-ақ жобаның спорттық қызметін үйлестіру функцияларын өзіне алады", - делінген ресми хабарламада.

Велокоманда әлемдік велоспорттағы жоғарғы лиганың 17-маусымына дайындалып жатыр. Сайт мәліметі бойынша, жақын арада келісімшарттар ұзартылып, жаңа шабандоздар келісімге қол қоюы мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.