Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды

2 674

Фото: instagram/ abiba48Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Абиба Әбужақынова Ақтөбеде өткен Қазақстан чемпионатында жаңа атаққа ие болды. Ол ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Оған куәлікті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс етті. 

"Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым", - деп жазды Абиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 


 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.