Бокстан әлем чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды

1 699
Бокстан әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын еліміздің құрамасы анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлем біріншілігі 14-26 наурыз күндері Үндістан елінің астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасы әлемдік додаға толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Ел намысын мына спортшылар қорғайды.

48 келі – Алуа Балқыбекова,
50 келі – Назым Қызайбай,
52 келі – Жазира Орақбаева,

54 келі – Жайна Шекербекова,
57 келі – Карина Ибрагимова,
60 келі – Римма Волосенко,
63 келі – Аида Әбікеева,
66 келі – Надежда Рябец,
70 келі – Мәдина Нұршаева,
75 келі – Валентина Хальзова,
81 келі – Фариза Шолтай,
+ 81 келі – Ләззат Күнгейбаева.


Қазақстан әйелдер құрамы сапында әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.