Жартылай финалға қандай клубтардың шыққаны белгілі болды

248

Фото: pixabay.comФутболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан барлық клубтар анықталды.

Жартылай финалға ең алғашқы болып өткен париждік ПСЖ мен лондондық "Челси". Франциялық ұжым өткен жылы ақтық мәреде кеткен есені қайтарып, мюнхендік "Баварияны" жарыс жолынан шығарды.

Өзара ойнаған екі матчтың қорытындысы бойынша жалпы есеп 3:3. Айта кетейік, ПСЖ-ға сырт алаңда соққан голдар көмектесті. 

Ал лондондық "Челси" қарымта кездесуде 0:1 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осыған қарамастан Тумас Тухельдің шәкірттері келесі кезеңге жолдама алды. Себебі, ұжым португалиялық "Портумен" өткен алғашқы матчта 0:2 есебімен басым түсті. 

Түнде жартылай финалдың екі бірдей ойыны өтті. Нәтижесінде мадридтік "Реал" "Ливерпульді", "Манчестер сити" дортмундтық "Боруссияны" келесі кезеңге шығатын мүмкіндіктен айырды. 

Корольдік ұжым қарымта матчта мерсисайдтықтармен тең ойнады. "Реал" мен "Ливерпуль" арасындағы алғашқы кездесуде тіркелген 3:1 есебі Зинедин Зидан баптайтын клубтың жартылай финалға шығуына мүмкіндік берді. 
Ал Хосеп Гвордиоланың шәкірттері өз алаңы мен қонақта дортмундтық "Боруссияны" 2:1 есебімен жеңді. Жалпы есеп: 4:2. 

Осылайша, Англияның екі, Испания мен Францияның бір-бір командасы жартылай финалда өнер көрсетеді. 
Енді финалға кімнің шығатыны "Реал" - "Челси", ПСЖ - "Манчестер сити" арасындағы екі кездесуден соң анықталмақ. 

Алғашқы матчтар 27, 28 сәуірде өтсе, қарымта ойындар 4, 5 мамырға жоспарланған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.