"Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтарына айыппұл салынды
"Қайрат" футбол клубы "Реалға" қарсы ойын алдында жанкүйерлері үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Команда жанкүйерлерінің жөнсіз мінез-құлқы, қауіпсіздік ережелері мен чемпионат регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін, қарсылас командаға және төрешілер бригадасына қарсы балағат сөздер айтқаны үшін шара қолданылды. Сондай-ақ футболдан Қазақстан чемпионатының 23-турының ойыны кезінде жанкүйер алаңға жүгіріп шыққан. Осының бәрін ескеріп, "Қайрат" ФК-ға 100 АЕК не 393 200 теңге айыппұл салынды. Футбол клубы айыппұлды 17 қазанға дейін төлейді.
Матч барысында қарсылас командаға жанкүйерлері балағат сөздер айтқаны үшін “Ақтөбе” ФК-ға да айыппұл салынады. Клуб 17 қазанға дейін 60 АЕК яғни 235 920 теңге төлеуі қажет.







