"Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтарына айыппұл салынды

2 270

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: sportburo.kz"Қайрат" футбол клубы "Реалға" қарсы ойын алдында жанкүйерлері үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Команда жанкүйерлерінің жөнсіз мінез-құлқы, қауіпсіздік ережелері мен чемпионат регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін, қарсылас командаға және төрешілер бригадасына қарсы балағат сөздер айтқаны үшін шара қолданылды. Сондай-ақ футболдан Қазақстан чемпионатының 23-турының ойыны кезінде жанкүйер алаңға жүгіріп шыққан. Осының бәрін ескеріп, "Қайрат" ФК-ға 100 АЕК не 393 200 теңге айыппұл салынды. Футбол клубы айыппұлды 17 қазанға дейін төлейді.

Матч барысында қарсылас командаға жанкүйерлері балағат сөздер айтқаны үшін “Ақтөбе” ФК-ға да айыппұл салынады. Клуб 17 қазанға дейін 60 АЕК яғни 235 920 теңге төлеуі қажет.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.