Футзалдан іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

2 199

Футзалдан Қазақстан құрамасы Румынияны жеңді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ел құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамалары.


Бүгінгі кездесуде қазақстандық футзалшылар алғашқы минутта жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде 2-минутта Джуниор Дуглас есеп ашты. Оған қарсыластар бір голмен жауап қайырды.


Одан кейін Альберт Ақбалықов 11, Эдсон Гомеш 16-минутта Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды. Ал 20-минутта Біржан Оразов мергендік танытты.


Ендігі кезекте қарсылас құрама қақпашысын бесінші ойыншыға алмастырып, екі гол соғып кетті.


Осылайша ел құрамасы қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.


Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландтан басым түсті.


Айта кетсек, екінші іріктеу сатысында қазақстандық футзалшылар Черногория (7:0, 5:1) мен Словенияны (2:0, 3:3) артта қалдырып, өз тобында бірінші орын алды.


Енді ел құрамасы 6 қазанда сырт алаңда Әзербайжанмен шеберлік байқасады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.