Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша ақша тапты

251
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC турнирінде өткізген екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды.

Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. 


Бұл - отандасымыздың ММА-дегі он төртінші, ал UFC-дегі екінші жеңісі. 


Сонымен қатар, қазақстандық өзінің барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтаған.
 Ал оның қарсыласы Мишель Празерес мансабында төрт рет қарсыласына есе жіберді. 
Prosports.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шавкат Рахмонов жекпе-жек үшін 40 мың доллар сыйақы алған.


 Оның ішінде, 1
8 мың доллар айқасқа шыққаны үшін, 18 мың доллар жеңіске жеткені үшін және 4 мың қосымша сыйақы.