Олимпиада оңай қарсылас жоқ

315
Токио шаршы алаңында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероаға қарсы өткізіп, жеңіспен аяқтады. Осыған орай былғары қолғап шеберлерінің бапкері Мырзағали Айтжанов кездесу туралы айтып берді.

Мырзағали Айтжанов бірінші кездесу әрдайым қиын болатынын сөз етті. 


Оның айтуынша, Олимпиадаға келген спортшылардың арасында оңай қарсылас жоқ. 
"Сәкен Бибосыновтың қарсыласы да құрлықтан, Америка континентінен іріктеліп келген боксшы. Бірінші раунд барлау емес, бірден төбелеске ұласты. Екінші раундтан бастап Сәкен өзінің ойынын көрсетіп, аяқ-қолын, бойының ұзындығын пайдаланып, айтқанымызды істеп отырды. Нәтижесінде қарсы шабуыл жасап, жекпе-жекті жеңіп шықты. 


Ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері франциялық спортшы. Онымен осы уақытқа дейін кездескенбіз. Жеңдік те, жеңілдік те. Есеп 1:1. Ертең шешуші сәтте барымызды салатын кез келді", - дейді жаттықтырушы.