«Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді

291

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Құрлықтық хоккей лигасында  Астаналық «Барыс»  кезекті ойынын Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен өткізді-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Командалар тартысты ойын өткізді. Есепті алғаш болып қазақстандық команда ашты. Олардың қатарынан 1-минутта Якоб Лилья гол соқса, ол 7-минутта есепті үстемелей түсті. Одан кейін 10-минутта «Динамо» сапынан Артём Демков мергендік танытты, 19-минутта Маттиас Теденбю таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 27-минутында Даррен Диц «Барысты» тағы алға шығарды. Ал 35-минутта Маттиас Теденбю есепті теңестірді. Даррен Диц 36-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның үшінші кезеңі де тартысты өтті. Беларусьтік хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Илья Усов – 45, Марио Кемпе – 51, Тайлер Граовац 52-минуттарда өзінің еншісіне жазды. Қазақстандық командадан Якоб Лилья 52-минутта кездесу барысында хет-трик авторы атанды.

Кездесуде «Барыс» қарсыласына 5:6 есебімен есе жіберді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.