«Қайрат» «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңілді

1 485

Фото: ReutersАлматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында "Реалға" есе жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясында өткен матч 0:5 есебімен мадридтік "Реалдың" жеңісімен аяқталды.

Ойынның 25-минутында "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті ашып, 53-минутта есепті еселеді. Матчтың 74-минутында франциялық ойыншы хет-трик жасады.

Содан кейін 83-минутта мадридтік команданың жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга "Қайраттың" қақпасына төртінші голды салды.

Ойынның соңғы минуттарында шабуылшы Браим Диас есепті 0:5 жасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.