Әлем чемпионына әкімшіліктің берген сыйлығы қызу талқыға түсті

191

Фото: Алтынай СаматоваБатысқазақстандық Алтынай Саматова 9 жасқа дейінгілер арасында дойбыдан әлем чемпионы атанған болатын. Әлеуметтік желіде кішкентай чемпионға әкімшіліктің берген сыйлығы талқыға түсті,-  деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында жариялады.


“Чемпионды мазақ қылғаны ма?” депті Оралдан Айболат Букенов: “Болгария мемлекетінде дойбының үш түрінен өткен әлем чемпионатынан үш алтын алып, еліміздің көк Туын қатарынан 3 мәрте көтергізіп, 3 дүркін чемпионы атанып келген жерлесіміз, 8 жасар Алтынай Артур қызымызды құттықтаймыз! Әттеген-айы, чемпион қызымызға елге оралғанда әкімшіліктің берген сыйлығының сықпыты мынау. Шұбатылған спортивка мен бір бет диплом.
Ел үмітін ақтап келген бүлдіршінімізге жасап тұрған құрметтері – бұл мадақ па, әлде мазақ па?! Осыдан кейін кімнің шабыты оянып, еліміздің спорты қайдан дамиды… Сөзім жоқ, ұят…”

 деп жазды ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.