Жекпе-жектен ел чемпионы саудагерлерді бопсалағаны үшін сотталды

292

Фото: Prosports.kz.Жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Асқар Үмбетов бопсалағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырауда бопсалау және басқа да қылмыстар үшін айыпталған топтың үш мүшесіне қатысты үкім шығарылды.
Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Бопсалау", "Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару", сондай-ақ "Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру" баптары
бойынша қаралды.

Айыптаушы тараптың айтуынша, құрамына спортшылар кірген топ мүшелері Оңтүстік Қазақстандағы "көктем" және "Дина" базарларының саудагерлерін тауарларын жойып жіберітін айтып қорқытып, алым-салық төлеуді талап еткен.
Барлық үш сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімге сәйкес спортшылар жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар олардың әрқайсысы зардап шеккен тараптарға өтемақы түрінде 80 мың теңгеден төлеуге тиіс.

Айыпталушылардың бірі Асқар Үмбетов шотакан каратеден Қазақстан чемпионы, жауынгерлік самбо, джиу-джитсу және панкратионнан ҚР чемпионы ретінде танымал.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.