Криштиану Роналдудың келесі маусымда Франция чемпионатында доп тебетіні рас па

342

Фото: Prosports.kz.Футболшы Криштану Роналдудың париждік ПСЖ-да өнер көрсетуі мүмкін. Португалиялық сұрмерген 30 миллион еуроға бағаланып отыр.


Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Туриннен кетуі мүмкін, себебі команданың жаңа бапкері Массимилиано Аллегри оны жасы келді деп санайтын көрінеді.
 Роналдуға басты үміткерлердің бірі - ПСЖ. Париждік клубтың қызметкерлері Криштианудың өкілдерімен келіссөздерді бастап кеткен.


 Туриндік ұжым футбол жұлдызын сату арқылы 25-30 миллион еуро пайда көруді жоспарлап отыр. 


ПСЖ басшылығы 36 жастағы Роналду жас талант Килиан Мбаппені алмастыра алады деген ойда. 


Себебі, франциялық сұрмерген келесі маусымнан бастап мадридтік "Реалда" доп тебуі ықтимал.


 Сонымен қатар, Криштиану ПСЖ демеушілерінің бірі болып табылатын Nike спорттық брендімен жұмыс жасайды. Үшжақты ынтымақтастық футболшыға, клубқа және компанияға пайда әкеледі деп күтілуде. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.