Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль алды

2 746

Фото: Спорт жән дене шынықтыру істері комитетіТаиландта өтіп жатқан құрлықтық чемпионатта отандастарымыз 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль иеленді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарыс барысында Бибарыс Спатай екі алтын, бір қола алса, Максим Богатырев бір алтын, екі күміс медальға қол жеткізді. Ал Жаңыл Балтабаева екі күміс, Мейіржан Армия бір күміс, бір қолаға қол жеткізді.

Айта кетсек, Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу спортынан жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды. 

Құрлықтық додаға 15 елден 300-ге жуық спортшы келді. Аталған жарыста еліміздің атынан Мария Бровкова, Дінмұхаммед Шынқожаев, Богдан Яценко, Михаил Затолокка, Сұлтан Шарапиев, Руслан Федотов, Анна Емельяненко, Вероника Трапезникова, Ульяна Иванова, Малика Тұрсын, Эвелина Костенко, Ольга Сурмина сынды белгілі шеберлер сайысқа түседі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.