Қазақстан - Канада матчының тікелей трансляциясы

380

Фото: Prosports.kz.Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы бесінші кездесуін өткізеді.
В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы - Канада құрамасы.
Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:10-да басталады. Матч QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.


Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында турнир қожайыны Латвияны, екінші кездесуде Финляндияны жеңді. Үшіні ойында АҚШ құрамасына есе жіберсе, екі күн бұрын Германияны ұтты.


Канада құрамасы турнир барысында бір мәрте ғана жеңіске жеткен.


Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді
 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.