Қазақстанда алғаш рет шаңғы альпинизмі бойынша ел чемпионаты өтеді

2 666

Фото:  istockphoto.comАлғашқы ел біріншілігі Алматы қаласының «Шымбұлақ» тау курортында 30 қараша және 1 желтоқсан күндері өтеді деп жоспарланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шаңғы альпинизмі – тау шаңғысында жоғары жылдамдықпен көтерілу мен түсу элементтерін біріктіретін спорт түрі.

Қазақстанда бұл жарыстар 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2021 жылдан бастап шаңғы альпинизмі Олимпиада спорт түрлерінің қатарына енгізілді.

2024 жылы шаңғы альпинизмі (skimountaineering немесе skimo) Қазақстанның спорт түрлерінің тізіміне енгізілді.

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, 2025 жылдың ақпанында Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарына қатысады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.