Сәкен Мұсайбеков "Барыс" хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды

2 684

Фото: primeminister.kzСәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубының жаңа бас директоры болып тағайындалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол 2021 жылы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Сәкен Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған еді. Ол пара ретінде құны 3 миллион теңгеден асатын әйелдер сөмкесін алғаны айтылды. Кейін тәркіленген Hermès сөмкесі электронды аукцион арқылы 4,5 миллион теңгеге сатылды.

Осыған дейін Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінде қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент және Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры қызметін де атқарады.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.