Футбол жанкүйерлері “Қайрат” – “Пафос” матчының билет бағасына наразы
Алматылық "Қайрат" пен кипрлік "Пафос" арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынның билеттері сатылымы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
21 қазанда өтетін матчтың билеттері 30 000 — 250 000 теңге аралығында сатылып жатыр.
Батыс трибунасы – 30 000 теңге (1–9-сектор, 1–3-қатар), 150 000 теңге (10–11, 16–17-секторлар және 1–9-секторлар, 4-қатардан жоғары), 250 000 теңге (12–15-секторлар);
Шығыс трибунасы – 75 000 теңге (30–48-секторлар);
Солтүстік трибунасы (қақпа артында) – 30 000 теңге (20–28-секторлар), 75 000 теңге (18–19-секторлар);
Оңтүстік трибунасы (қақпа артында) – 30 000 теңге (49–58-секторлар), 75 000 теңге (59–60-секторлар).
Алайда жанкүйерлер билет бағаларына наразылық білдіруде. Олардың пікірінше, мұндай баға көпшілікке қолжетімсіз, әсіресе қарапайым жанкүйерлер үшін тым қымбат. Әлеуметтік желілерде “Қайраттың” ойынын стадионнан көру енді қарапайым жанкүйерлерге бұйырмайтын болды” деген пікірлер жиі жазылуда.
Еске сала кетейік, "Қайрат" пен "Пафос"арасындағы кездесу 21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.