"Реал Мадрид" клубының ойыншылары Алматыға келіп жетті
Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларын қарсы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның "Реал Мадрид" клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақтың қонақжайлығы мен ыстық лебіз, ықыласы көрсетілді.
Испаниялық футбол клубы Алматыға келгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алайда ұзақ жолдан футболшылардың қатты шаршап қалғанын байқауға болады.
Ойыншыларды қазақстандық жанкүйерлер де қатты күтті. Олардың арасында көбі бала. Олар ұшақ қонғанға дейін әуежайдың алдында кумирлерін сарыла күткен.







