Елімізде алғаш рет паратеннистен Қазақстан кубогы өтпек

1 665
Алматыда 17-19 наурыз аралығында алғаш рет паратеннистен Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Opennews.kz. ақпарат агенттігі.


Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, турнирге Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе және Орал қаласынан 40-тан астам спортшы қатысады. Бірінші кубокке дайындық аясында Алматыда 6-16 наурыз аралығында теннисшілердің шеберлігін арттыруға арналған оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Дода қорытындысы бойынша биылғы маусым айында Италияда «Alghero Open» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталады. Қажетті ұпайды жинаған жағдайда қазақстандық паратеннисшілер 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) болатын Паразия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.