Қазақстандық жасөспірім ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

345

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

Ауыр атлетикадан Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында  Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды .

Ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы, жұлқа көтеруде 155, серпе көтеруде 200 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 355 келіні еңсерді  

Бұл Рахат Бекболаттың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында иеленген екінші алтыны. Ол осыған дейін Ташкентте өткен әлемдік додада 377 келіні бағындырып, жеңімпаз атанған еді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.