Қазақстан құрамасы жаңа турнирде Швейцария командаларымен бақ сынасады

434

Теннистен Қазақстан құрамасы жаңа турнирде ойнайды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


United Cup турнирі Аустралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында 29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында өтеді.

Жаңа аралас командалық додаға 18 құрама қатысады.

Турнирдің ресми сайты мәлім еткеніндей, соңғы құрама ретінде Қазақстан анықталды.

Қазақстандықтар B тобында Польша және Швейцария командаларымен шеберлік байқасады.

Бұл беделді жарыста ел намысын Александр Бублик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Гөзал Айнитдинова қорғайды.

Топтардың толық құрамы мынадай болды.

A тобы: Грекия, Бельгия, Болгария.

B тобы: Польша, Швейцария, Қазақстан.

C тобы: АҚШ, Германия, Чехия.

D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания.

E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия.

F тобы: Франция, Хорватия, Аргентина.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.