«Барыс» бүгін Беларусьтің «Динамо» командасымен кездеседі

2 126

Фото: «Барыс» хоккей клубыҚазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу бүгін, 13 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 15-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында Беларусь командасы жеңіске жеткен.


Кейінгі төрт ойында қазақстандық клуб қарсыластарына есе жіберген. 


Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябинск), «Амур» (Хабаровск) командаларынан жеңіліп қалған еді. 


Енді қазақстандық команда қатарынан үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 17 қыркүйекте Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездессе, одан кейін 19 қыркүйекте «Ак Барс» (Қазан), 21 қыркүйекте «Витязь» (Подольск) клубтарымен ойнайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.