Рафаэль Уразбахтин Анарбеков пен Заруцкийдің жағдайы жайлы айтты

2 278

Фото: "Қайрат" футбол клубының ресми сайтыАлматылық "Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин командадағы қақпашылардың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол "Ақтөбеге" қарсы кездесуде жарақат алған Темірлан Анарбековтың жағдайы туралы айтып өтті.

Уразбахтиннің сөзінше, Анарбековтың оңалуы ойдағыдай жүріп жатыр, бірақ ол 30 қыркүйекте өтетін мадридтік "Реалға" қарсы ойында алаңға шыға алмайды.

"Темірланды ауруханадан шығарды, ол базаға келді. Жақ сүйегіне қойылған бекіткіш бар, сондықтан әзірге толық жаттығуға кірісе алмайды. Дәрігерлер оңалудың қалыпты жүріп жатқанын айтады", — деді бас бапкер.

Сонымен бірге ол Александр Заруцкийдің де жақын күндері жаттығуға қосылатынын мәлімдеді.

"Ол бірнеше күннен соң жаттыға бастайды. Біз жақын арада оған сенім арта аламыз. Қалмырзадан бөлек тағы да қақпашыларымыз бар, сондықтан құрам толық болады", — деді Уразбахтин.

Еске салайық, Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасы матчында "Қайраттың" қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғады. Бұл оның алғашқы ойыны болды. Жас қақпашыға 1:4 есебімен аяқталған кездесуде сенімді ойыны үшін Қазақстанда ғана емес, Еуропадағы басылымдар да жоғары баға берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.