Қазақ балуаны жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

2 303

Фото: ҰОКГрек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. ҚР ҰОК мәліметінше, финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.

Жаңажол Астана қаласындағы «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында тәлім алып жүр. Спортшыны жарысқа аға жаттықтырушы Асхат Жанбиров пен жаттықтырушы Жарқын Тұрсынов дайындады. 

Бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.