"Реал Мадрид" клубының ойыншылары Алматыға келіп жетті

1 432

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzАлматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларын қарсы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның "Реал Мадрид" клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақтың қонақжайлығы мен ыстық лебіз, ықыласы көрсетілді.

“Футболшыларды УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді”, – деп жазды әуежайдың баспасөз қызметі. 

Испаниялық футбол клубы Алматыға келгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алайда ұзақ жолдан футболшылардың қатты шаршап қалғанын байқауға болады. 

Ойыншыларды қазақстандық жанкүйерлер де қатты күтті. Олардың арасында көбі бала. Олар ұшақ қонғанға дейін әуежайдың алдында кумирлерін сарыла күткен. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.