"Нағыз машина" Челси фанаттары Сәтбаевты Мбаппемен салыстырды

2 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pinterest"Челсидің" 18,6 мың жазылушысы бар O-O-P фан-аккаунты Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың лондондық топ-клубтағы болашағына баға берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Сәтбаев — енді қалыптасып келе жатқан нағыз машина! Қазіргі уақытта "Челсидегі" дарындар деңгейі керемет. Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарында соққан голдары бар, негізгі ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген және Агуэро/Мбаппе стилінде елеулі ойын өрнегін көрсетіп жүрген 17 жасар ойыншы Хаби Алонсоның баптауымен даму үшін ғана келіп отыр ма? Бұл әділетсіздік! Ол екі аяғымен де еркін ойнайды, өзін өте сенімді ұстайды және шабуылы жойқын. Кобхэм болашақ супержұлдыздардың нағыз империясын құрып жатыр, ал Сәтбаев соның дәл ортасында болады!", — деп жазады аккаунт авторы.

Бүгінгі таңда Дастан Сәтбаев "көктердің" негізгі құрамымен бірге Австралиядағы маусымалды турнеде жүр. "Челсидің" бас бапкері Хаби Алонсо жолдастық кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық футболшының болашағына қатысты шешім қабылдайды деп күтілуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.