Головкин бірінші жекпе-жекте Канелоны жеңді

350

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Prosports.kz.WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс мексикалық Сауль Альварестің қатысуымен өткен даулы жекпе-жектер жайлы айтты.

8 мамырда Американың Техас штатында Сондерс Канеломен (WBC/WBA чемпионы) жекпе-жек өткізеді.

«Канело телекөрсетілім мен промоутерден көп ақша табады. Ол көпшілік үшін әрқашан фаворит. Егер ол мені нокаутқа түсірсе немесе әділетті түрде жеңсе, оның қолын қысамын. Бірақ Канело мен Мейвезердің жекпе-жегіндегідей төрешілердің болғанын қаламаймын.

Жекпе-жек тең деңгейде өтсе, Альварес фаворит болып шығады. Бұлай болмауы керек. Мықтылар жеңуі керек.
Головкин бірінші жекпе-жекте Канелоны жеңді, екінші жекпе-жек тек деңгейде өтті. Ал Мейвезер Саульді сенімді түрде жеңген, бірақ төрешілердің екеуі ғана жеңісті оған берді.

Мен мұндай әділетсіздік болғанын қаламаймын. Себебі мұның бәрі сыбайлас жемқорлыққа ұқсайды. Өкінішке орай, мен ринг сыртында не болатынын білмеймін», - деді Сондерс британиялық БАҚ-қа берген сұхбатында.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жекте тең нәтиже тіркелді. Ал екінші жекпе-жекте Канело төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.