Қызылордада қазақ күресінен жастар арасындағы аға жаттықтырушы тағайындалды
Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығымен Нұрым Сәлімгереев қазақ күресінен Қызылорда облысының жастар арасындағы аға жаттықтырушысы болып тағайындалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Нұрым Сәлімгерейұлы – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен әлем кубогының иегері, «Еуразия барысы» және 5 дүркін «Сыр барысы» атағына ие болған. Бұған дейін басқармаға қарасты теннис спорт мектебі директорының орынбасары қызметін атқарған.
Қаз
Рус






