Дастан Сәтпаевтың “Қайратпен” соңғы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды

2 527

Фото:»Қайрат» фкАлматылық “Қайрат” клубының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев алдағы уақытта атақты “Челси” сапына ауысады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Сол себепті ол жақын күндері “Қайрат” клубымен қош айтысады.

Дастан Сәтпаев сары-қаралар сапында соңғы матчын 17 немесе 21 маусымдардың бірінде өткізетінін айтқан.

“Қазіргі жоспар бойынша соңғы матчым 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын, – деді Сәтбаев “Қайрат” ресми матчтарын жүргізетін Артур Асқарұлымен болған әңгімесінде.

Сондай-ақ жас шабуылшы болашақта жаңа ортаға тез бейімделіп, негізгі құрамнан орын алуға күш салатынын жеткізген.

“Қобалжу жоқ. Ең бастысы — өзіңнің қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында жаңа ортада орнығып қаламын деп ойлаймын”, — деді Дастан Сәтпаев.

Айта кетейік, жас футболшы 16 жасында Англияның "Челси" клубынан шақырту алған. Ол енді тамыз айында ағылшындық клуб сапына ауысады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.