«Барыс» командасы Ресейдің «Динамо» командасын жеңді

2 146

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.


Қатарынан бес мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан «Барыс» өткен турда Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасынан басым түсті.


Бүгінгі кездесуде де қазақстандық команда жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде 3-минутта «Барыс» хоккейшісі Әділ Бекетаев көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.


Одан кейін 7-минутта Джордан Уил таразы басын теңестіріп кетті.


Ал 9-минутта елордалық клубтан Райли Барбер «Барысты» алға шығарса, одан кейін 35-минутта ресейлік Никита Гусев өз мүмкіндігін пайдаланды.


Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте елордалық клубтың жолы болды.


Осылайша олар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, қатарынан екі мәрте жеңіске жетті.


Енді «Барыс» елордада 13 қазанда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасымен кездессе, 15 қазанда «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.