"Қайрат" "Реалмен" өтетін матчтың билеттерінің сатылымына қатысты мәлімдеме жасады

2 275

Фото: "Қайрат" ФК"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі алдағы "Реалға" қарсы ойынға билеттер түгел сатылып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.

"Стадион аумағына 18:45-тен бастап кірсе болады, яғни ойын басталардан үш сағат бұрын ашылады. Жанкүйерлерге тексеруден еркін өтіп, кезекте тұрмау үшін алдын ала келіңіздер дейміз. Стадионға үш жақтан, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесі жағынан кіре аласыздар.
Freedom SuperApp арқылы сатып алынған билет матч күні көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. Ал Qairat SuperApp мобильді қосымшасында шын QR-код ойынға бірнеше сағат қалғанда ғана пайда болады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстанда "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынға билеттер сатылымы ресми түрде басталғаннан кейін интернет қолданушылары билеттерді сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрған болатын.

Ал "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Реал Мадридке" қарсы матч алдындағы дүрбелең өзіне де сезіліп жатқанын жеткізген еді. Оның айтуынша, билет сұрап хабарласатындар көп.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.