Боксшы Сәкен Бибосынов 1 айдың ішінде үйленетінін айтты

280

Бокстан әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жақын арада үйленетінін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы боксшы "Хабар" арнасының "Қызық live" бағдарламасында баяндады.


Екі жақтың ата-анасы кездесіп, "тәтті шай" рәсімін өткізіп қойған екен. 

"1 айдан кейін отбасын құрсам деген ниетім бар. Бәрі дайын", - деп жеке өміріндегі жағымды жаңалықты жеткізді. 

Сәкеннің айтуынша, үйлену бокстағы мансабына қанат бітірмесе, кедергі келтірмейді деген сенімде. 

"Үйленгеннен кейін нәтиже одан да жақсы болады деп ойлаймын", - деді ол. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.