«Арсенал» – «Қайрат» ойынына қатысты ақпарат шықты

2 557

Фото:Stan.kz collage2026 жылдың 28 қаңтарында Лондондағы Emirates Stadium алаңында УЕФА Чемпиондар лигасы шеңберінде Арсенал мен Қайрат арасында маңызды матч өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесу жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Ал Қазақстанда ойын 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де көрсетіледі. Бұл матч алматылық клуб үшін ғана емес, жалпы қазақстандық футбол тарихындағы айтулы оқиға болмақ.

Қонақ команда жанкүйерлеріне арналған билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылуда. Ұйымдастырушылардың ескертуінше, сатып алынған билеттер кері қайтарылмайды.

Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер Англия Премьер-лигасының алдыңғы қатарлы командаларының бірі саналатын «Арсеналға» қарсы ойында «Қайратты» Лондон төрінде тікелей қолдауға мүмкіндік алып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.