Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды
Атақты боксшы Геннадий Головкин Римде өткен World Boxing халықаралық федерациясының басшысын сайлау барысында ұйым президенті лауазымына бекітілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сайлауда Головкин жалғыз кандидат ретінде ұсынылып, конгреске қатысқан мүшелердің бірауыздан қолдауына ие болды. Осылайша, ол халықаралық спорт федерациясын басқаратын алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді айтулы жеңісімен құттықтап, оның бұл жетістігін спорт саласындағы ұзақ жылдық еңбектің лайықты нәтижесі екенін атап өтті.
“Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды”, – делінген президенттің құттықтауында.
Бұл оқиға ел спорты үшін тарихи сәттердің бірі ретінде бағалануда.







