Ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

2 522

Фото: Спортты дамыту дирекциясыСпортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, аталған біріншілік 21 ақпанда мәресіне жетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биыл ел біріншілігіне 18 өңірден келген 242 спортшы (151 ер, 91 әйел) жекелей және командалық сында бақ сынайды.


Тек Атырау мен Маңғыстау облысы ғана осы жылы команда жібермеді.


Ерлер 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102, 109 келіге дейін және 109 келіден жоғары салмақтарда, ал әйелдер 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87 және 87 келіден жоғары салмақта кіл мықтыларды анықтайды.


«Биылғы чемпионат әр өңірдегі дарынды спортшыларды іріктеуге мүмкіндік береді. Бұл — елімізде ауыр атлетиканың дамуына тың серпін беретін қадам», -деді мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсір.