Александр Бублик Уимблдонның үшінші айналымына шықты

2 532

Фото: instagram.com/bublikҚазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 98-орында тұрған франциялық Артур Казодан айласын асырды.


Бублик қарсыласын 6:4, 7:6 (7:1), 6: есебімен тізе бүктірді.


Екі сағат 6 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында ол 19 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Казо 7 эйспен шектелді.


Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингіде 147-сатыдағы финляндиялық Отто Виртаненнің қай жеңгенімен шеберлік таластырады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.