Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты

2 519

Фото ©️ instagram.com/wimbledonҚазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің ширек финалындағы ойынын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық теннисші бұл айналымда украиналық теннисші, әлемнің бұрынғы 3-ракеткасы, 17 WTA турнирінің чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Элина Свитолинамен кездесті.


Елена Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.


Отандасымыз 1 сағат бір минутқа созылған матч кезінде жеті эйспен бірге алты брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.


Енді Рыбакина турнирдің финалына шығу үшін латвиялық Елена Остапенко мен чехиялық Барбора Крейчикова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.