Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореядағы Халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

2 422

Фото: ҰОКҚазақстандық таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отандасымыз жарыс барысында жартылай финалға дейін жетті. Ал жартылай финалда Ботагөз Қапанова Қытай спортшысына есе жіберді.

Осылайша, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады және әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын беделді дода болып саналады.