Қазақстан әйелдер құрамасында болған жанжалдан кейін Ангелина Лукас кәсіби боксқа кетті

295

Ангелина Лукас кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін 18 желтоқсан күні өткізеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында болатын бокс кешіне жоспарланған.

Боксшының қарсыласы жайлы ақпарат әлі жарияланбады. Ол 51 келіге дейінгі салмақта төрт раундтық жекпе-жек өткізеді.

Жақында Лукас ұлттық құрамадағы жағдайдың нашар екенін айтып, командаласы Назым Қызайбайды допинг қолданды деп айыптап, Қазақстан президентіне жүгінген еді. Сонымен қатар, оның айтуынша, Бақтияр Артаев оны ұлттық құрамадан заңсыз шығарған.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко да кезекті жекпе-жегін өтізеді. Сондай-ақ, осы бокс кеші аясында 20 жылдан бері алғаш рет 55,3 келі салмақта Қазақстан чемпионының белбеуі Ержан Залилов пен Ескендір Харсан арасында сарапқа салынады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.