Айбек Оралбай әлем чемпионатында кезекті жеңісімен жартылай финалға жолдама алды

2 322

Фото: gov.kzАйбек Оралбай 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанға медаль сыйлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан жарыста ұлттық құраманың капитаны жартылай финалға жолдама алды.

Аса ауыр салмақтағы (+90 келі) ширек финалда ол 2024 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, хорват Луко Пратлячичпен кездесті. Отандасымыз қарсыласын алғашқы екі раундта бірдей есеппен – 5:0 есебімен жеңіп, айқын басымдық танытты.

Шешуші раундта да Оралбай үстемдігін дәлелдеп, сенімді жеңісіне қол жеткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы кем дегенде қола медальға ие болды.

Айбек Оралбай бұған дейін Азия чемпионатын екі мәрте (2022, 2024) жеңіп алған болатын. Осылайша команда капитаны Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған 7-ші қазақстандық боксшы атанды.