Қазақстан 7 медальмен Азия чемпионатын аяқтады

2 509

Фото: ҰОКТяньцзинь қаласында (Қытай) жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алған.

Алина Чистякова (бессайыс), Нора Джеруто (3 000 метр), Қазақстан әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс) алтын жүлде жеңіп алған.

Биіктікке секіруде ел намысын қорғаған Надежда Дубовицкая күмістен алқа таққан.

Нора Джеруто (1 500 метр), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Қазақстан ерлер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов) қола жүлдеге ие болды. 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтаған.