15 жасар Болашақ Сүйекенов әлем чемпионы атанды

733
Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында атыраулық Болашақ Сүйекенов әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатында 38 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Бас бапкер Айбар Есенғалиевтің сөзінше, қазақстандық шәкірттер өте ұзақ уақыт дайындалды.

"Әлем чемпионатына қатысу тынымсыз дайындықты, қажырлы еңбекті, жеңіске деген ұмтылысты қажет етеді. Спортшыларымыз қатысып, нәтижелерін көрсетіп жатыр. Жарыстар жоғары деңгейде өтіп жатыр", – деді ол.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жекелей сында көш бастады.

Абу-Дабидегі джиу-джитсудан әлем чемпионаты 2022 жылы 28 қазанда басталып, 8 қарашаға дейін жалғасады. Оған 65 елден 1,5 мың спортшы қатысып жатса, елімізден 28 спортшы барды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.