Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да ширек финалдан аса алмады

2 562

Фото: Қазақстан бокс федерациясыФранция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалдағы айқасында төрешілер шешімімен жеңіліс тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


63,5 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда Грузия боксшысы Лаша Гурулимен қолғап түйістірген болатын. Аса тартысты өткен кездесуде қарсыласының қос қабағын жарып, қан-жоса етті. Алайда төрешілер жеңісті қарсыласына берді.


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай Әзербайжан боксшысы Лорен Берто Альфонсо Домингестен ұтылып, Париж Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.