Қазақстандағы футбол клубтары жеке компанияларға беріледі

1 516

Фото: pixabay.comҚазақстанда 32 кәсіби футбол клубының 65%-ы әлі мемлекеттік иелікте. ҚФФ 2025-2030 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес, 2-3 жыл ішінде барлық клубтарды жеке инвесторларға беру жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Түйін"ақпараттық-талдамалық бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясының кәсіби жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайырдың айтуынша, 2025 жылы төрт клуб жеке басқаруға өтеді: Қарағандының "Шахтерін" Freedom Finance, Петропавлдың "Қызыл-Жарын" Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы, Астананың "Жеңісін" Kaspi Group сатып алады. Қызылордадағы "Қайсар" клубы жаңа иесі TAU GROUP компаниясына өтіп, екі жыл ішінде 12 млрд теңгеге академия салынбақ.

Жекешелендіру клубтарды спорттық нәтиже мен қаржылық тиімділікке бағыттайды. ҚФФ басты мақсат ретінде 2030 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өту мен ұлттық турнирлерді дамытуға назар аударуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортты бюджетке тәуелді емес, азаматтық жауапкершілік ретінде дамыту қажеттігін, ірі бизнес пен мемлекет арасындағы тең серіктестікті күшейтуді тапсырды.