Жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында 3 медаль алды

2 219

Фото: Семсерлесу федерациясының баспасөз қызметіКувейт қаласында семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Қазақстан құрамасы командалық сайыста үш медальға қол жеткізді. 


Қазақстан ерлер құрамасы саблямен семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама атынан Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Сұлтан Асылбеков өнер көрсетті. 

Ал, Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден қола жүлдені еншіледі. Ел намысын София Актаева, Алина Искандерова, Полина Долгополова және Алена Гноева қорғады. Қола медальді қазақстандық шпагашылар иеленді. Георгий Тинников, Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов жеңіс тұғырынан көрінді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.