Бокстан спартакиада өтіп жатыр

2 505

Елордада былғары қолғап шеберлері арасындағы Қазақстан спартакиадасы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың кезекті күні аса тартысты өтті. Әсіресе, 80 келіде кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Бекзат Нұрдәулетов пен Құлахмет Тұрсынбай шаршы алаңға шығып, алғашқы қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Орта салмақтағы бәсекелестік те күшейіп келеді. Мәселен, фаворит саналған Санатәлі Төлтаев пен Васлий Самчук күтпеген жерден есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. 


Ал Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Мұхамедсабыр Базарбайұлы сияқты жігіттер өз мықтылығын тағы да дәлелдеді. Енді көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов және Махмұд Сабырхандар жарысқа араласа бастайды. Жалпы ел спартакиадасына әр аймақ ең үздік боксшылары жиналды. 


Өйткені, осы жарыс қорытындысы бойынша ұлттық командамыз жасақталады және олар алдағы лицензиялық турнирлерге қатысады. Яғни, жігіттер үшін Париж олимпиадасына жол ашатын негізгі бәсеке саналады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.