Футзал: Қазақстан Еуропа чемпионатын бас бапкерсіз бастайды

271
Қазақстан футбол федерациясы Еуропа чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама мүшелерінің коронавирус жұқтыруына қатысты ресми мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нидерланд еліне сапар алдында бірнеше күн бұрын футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Игита, Дәурен Тұрсағұлов және Арнольд Кнауб, сонымен қатар бас бапкер Рикардо Кака COVID-19 оң сынағын тапсырды.

Үш күннен соң Игита мен Дәурен Тұрсағұловтың тапсырған тестері теріс нәтиже көрсетті. Олар жақын арада Нидерландта команданың қатарына қосылады.

Өкінішке қарай, Кака мен Кнауб әлі де карантинде жатыр. Олар Еуропа чемпионатында Словениямен өтетін алғашқы ойынға қатыса алмайды. Матч бейсенбі, 20 қаңтар күні елорда уақытымен 22:30-да басталады. Команданы ойынға бас бапкердің көмекшісі Сергей Коридзе дайындайды», - делінген мәлімдемеде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.